Марафоннан әлем рекордының иегері Келвин Киптум жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы кениялық The Standard Digital басылымына сілтеме жасап Әшкере телеграм-арнасы хабарлады.

Жол апатынан спортшының руандалық бапкері Жерве Хазимана да қаза болған. Округтік полиция мәліметі бойынша, Чикаго марафонының 24 жастағы чемпионы Элдореттен үйіне қайтып келе жатқанда, оның көлігі жолдан шығып кетіп, жол бойында ағашқа соқтығысқан.

Айта кетейік, былтыр, 2023 жылы Кельвин Киптум Чикаго марафонында 2 сағат 35 секунд көрсеткішімен әлем рекордын жаңартқан.