Футболдан Кот-д’Ивуар Африка ұлттары кубогының финалында Нигериядан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Финалда Нигерия мен Кот-д’Ивуар бас жүлдені сарапқа салды. Матч 2:1 есебімен Кот-д’Ивуар жеңіске жетті.

Осылайша Кот-д’Ивуар өз тарихында үшінші мәрте чемпион болды.