Қазақстандық, әлемнің 339-ракеткасы Дмитрий Попко АҚШ-тың Санрайз қаласында (Флорида штаты) өткен ITF турнирінің жеңімпазы атанды.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 538-орында тұрған америкалық Алекс Рыбаковпен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда Д.Попко 7:5 есебімен басым түсті.

Екінші сетте америкалық теннисші 2:0 есебімен алға шықты. Алайда бұдан кейін Дмитрий Попко қатарынан алты геймді өз есебіне жазды – 6:2.

Тартысты матч екі сағатқа жуық уақытқа созылды.