«Тур Оман» көпкүндік веложарыстың екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші кезеңдегі жеңісті БАӘ Эмираттары командасының жаңа зеландиялық велошабандозы Финн Фишер-Блэк жеңіп алды. Екінші орынды америкалық Люк Ламперти (Soudal – Quick Step) алды. Үшінші нәтижені италялық Диего Улисси (BAE Team Emirates) көрсетті.

«Астана» шабандоздар арасындағы үздік нәтижені 4-орынмен аяқтаған Антон Чармиг көрсетті.