Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Абу-Дабиде өткен WTA 500 турнирінің финалында ресейлік Дарья Касаткинаны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 6:1, 6:4 есебімен аяқталды.

Кездесу 1 сағат 8 минутқа созылды.

Осылайша, Рыбакина осы маусымдағы екінші трофейіне қол жеткізді. Ол бұған дейін қаңтарда Брисбенде (Аустралия) өткен WTA 500 турнирінде топ жарған болатын.