«Қайсар» командасының шабуылшысы Тоқтар Жаңғылышбай Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұқбатында команданың Түркияда өтіп жақтан дайындығына баға берді.

«Оқу-жаттығу жиындары өте жақсы өтіп жатыр. Желтоқсан айында алғашқы жиында «Қайсарға» Мақсат Байжанов пен Виктор Кумыковтың шақыртуымен қосылған болатынмын. Көп ойланбай команда қатарына келіп қосылдым. Ұжымдағы атмосфера керемет, мені жақсы қарсы алды. Жаттығу барысында аяғымды жарақаттап алдым, сондықтан бүгінгі ойынға қатыспадым. Бас дәрігердің айтуы бойынша үш-төрт күнде қатарға қайта ораламын», – деді ойыншы.