Жақында UFC жауынгерлерінің қатарын толықтырған Бекзат Алмахан OCTAGON TV-ға берген сұхбатында қарсыласы Умар Нурмагомедов жайлы пікірін айтты.

– Ұйқымнан енді тұрғанда хабарласып, келісімшартқа қол қойылғанын айтты. Әрине, қуандым. Десе де жекпе-жекке сақадай сай болып, босаңсымауым қажет. Өйткені жекпе-жекке аз уақыт қалғанда келісімімді бердім. Қазір бар ойым осы жекпе-жекте, эмоция артынша болады, – деді Алмахан.

Бекзат Алмаханның Умар Нурмагомедовке қарсы UFC-дегі дебюті 3 наурызда Лас-Вегаста UFC Fight Night 238 турнирінде өтеді. Қазақстандық файтердің толық бейнесұхбатын OCTAGON TV YouTube арнасынан көре аласыздар.

Сұхбаттың толық нұсқасын OCTAGON TV ютуб-арнасынан көре аласыздар.