Жапонияның Хатонихе қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

Атап айтсақ, командалық із кесу жарысында Кристина Шумекова, Мария Деген және Алина Шумекова үштігі қола жүлдегер атанса, Кристина Шумекова, Дарья Гаврилова, Алина Шумековадан құралған Қазақстан командасы спринттен күміс медаль еншіледі.Жарыс нәтижесі:2024 жылғы әлем чемпионаты, әйелдер 1. Жапония – 3:08,552. Нидерланды – +0,933. Қазақстан – +3,392024 жылғы әлем чемпионаты, әйелдер арасындағы командалық спринт1. Нидерланды – 1:29,602. Қазақстан – +1,683. Канада – +3,06