11 ақпанға қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC Vegas 86 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегі аясында Швеция өкілі Джек Херманссон америкалық Джозеф Пайферге қарсы төбелесті.

Жекпе-жек бес раундқа созылды және Хермансонның жеңісімен аяқталды.

Бүгінгі жеңістен кейін Херманссон 24 жекпе-жек өткізіп, 8 рет жеңілген. Соңғы жекпе-жегінде ол Роман Долидзеден техникалық нокаутпен ұтылды. Пайферде 14 жеңіс және төрт жеңіліс бар.