Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогында қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет жартылай финалда қытайлық қазақ боксшысы Тоқтарбек таңатқаннан ұтылып, қол жүлдегер атанды.

Аса тартысты өткен жекпе-жекте жерлесіміз Құлахмет қытай қазағы Таңатқаннан 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, 80 келі салмақта ел намысын қорғаған Тұрсынбай Құлахмет «кіші әлем чемпионаты» атанып кеткен Странджа кубогының қола жүлдегері атанды. Ал, Тоқтарбек Таңатқан финалда алтын медаль үшін жұдырықтасады.

Айта кету керек, Құлахмет ересектер және жасөспірімдер арасында Азия чемпионы. Кәсіпқой бокста 7 жекпе-жек өткізіп, оның алтауында жеңіске жеткен.

Ал, Тоқтарбек Таңатқан болса жазғы Азия ойындарының чемпионы және әлемнің күміс жүлдегері.