Азия Кубогының финалында Катар мен Иордания құрамалары кездесіп, матч 3:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 22-минутында қатарлық Акрам Афиф пенальтиден есеп ашса, 67-минутта иорданиялық Язан Аль-Наймат таразы басын теңестірді. Одан кейін Акрам Афиф 77, 90-минутта тағы екі мәрте пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Осылайша Катар қарсыласынан 3:1 есебімен сүріндіріп, өз тарихында екінші мәрте Азия чемпионы атанды. Катар бұдан 2019 жылы құрлықтық доданың жеңіс тұғырынан көрінген еді.

Азия Кубогы. Финал. Лусаил (Катар), 10 ақпан 2024

Иордания – Катар – 1:3

Голдар: Әл-Наймат, 67 – Афиф, 22 (пен), 73 (пен), 90+4 (пен)