Бүгін кіші әлем чемпионаты саналатын Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Странджа кубогында екінші қазақстандық боксшы финалға шықты.

Атап айтсақ, 67 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Дулат Бекбауов жартылай финалда алжирлік Абденассер Бенларибимен қолғап түйістіріп, қарсыласын 4:0 есебімен жарыс жолынан тайдырды.