Бүгін елорда төрінде көркем гимнастикадан дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жасөспірімдер арасындағы ашық чемпионат басталды. Аталған турнирде Павлодар, Теміртау, Астана, СҚО, Қарағанды, Жамбыл, Алматы қалаларынан келген 12 клубтың гимнасшылары бақ сынап жатыр.

10-11 ақпан аралығында «Beeline Arena» спорт кешенінде 400-ге жуық жас спортшы жеке және топтық жаттығуда өз шеберліктерін көрсетеді. Бәсеке 4 жастан 16 жасқа дейінгі аралықты қамтиды.

Турнирде тек жүлде сарапқа салынып қоймай, әр гимнасшы спорттық разрядтарын қорғайды. Астана қаласында әр 3 ай сайын іріктеу сайыстары өткізіліп, республикалық, халықаралық додаларға мықтылар іріктеліп отырады.