Футзалдан Қазақстан чемпионаты матчында «Атырау» «Бәйтеректі» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 3:0 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, жеңімпаздар сапында Део, Габриэль және Жомарт Тоқаев гол соқты.

Естеріңізге сала кетейік, қарымта кездесу ертең өтеді. Ойын Астана уақытымен 17:00-де басталады.