Астанадағы «Барыс Арена» стадионында ҚХЛ тұрақты чемпионаты матчында «Барыс» мәскеулік «Спартак» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 4:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

«Спартак» сапында Александр Пашин, Максим Цыплаков, Ансель Галимов және Николай Голдобин көзге түсті. «Барыс» сапында жалғыз голдың авторы Кирилл Савицкий атанды.

Естеріңізге сала кетейік, 13 ақпанда «Барыс» сырт алаңда «Адмиралмен» кездеседі.

«Барыс» (Астана, Казахстан) — «Спартак» (Мәскеу, Ресей) 1:4 (0:2, 1:1, 0:1)

Шайбалар:

0:1 — 08:39 Пашин (Орлов, Филин).

0:2 — 14:32 Цыплаков (Голдобин, Морозов).

0:3 — 22:29 Галимов (Чайковски, Цыплаков).

1:3 — 25:23 Савицкий (Апальков, Старченко).

1:4 — 45:15 Голдобин (Морозов, Порядин).

Қақпашылар: Паскуале 00:00-22:29, Шутов 22:29-60:00 — Кареев