«Интер», «Ювентус» және «Милан» А Сериясындағы командалар санын 20-дан 18-ге дейін қысқартады деп үміттеніп отыр.

Fcinter1908.it ақпараты бойынша, Джузеппе Маротта («Интер» бас директоры), Маурисо Скаванвино («Ювентус» бас директоры), Франсиско Кальво («Ювентустың» басқарушы директоры) және Паоло Скарони («Милан» президенті) Италия футбол федерациясының президенті Габриэле Гравинамен кездесіп, бұл мәселені талқылаған.

2004/05 маусымынан бері А Сериясында 20 команда бақ сынайды. Осылайша әр клуб бір маусымда 38 матч өткізеді.