Қарағандылық «Шахтер» 14 ақпанда ресейлік командаларға қарсы екі бақылау матчын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Игорь Солошенко шәкірттері таңертең ульяновскілік «Волгамен», түстен кейін «Уфа» командасымен кездеседі.

«Волга» Ресей екінші лигасының бірінші жартысынан кейін 10 команда арасында 7-орында, ал «Уфа» 2-орында келеді.