Қазақстандық UFC файтері Сергей Морозов Prosports.kz сайтына ресейлік Умар Нурмагомедов пен Бекзат Алмахан арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

«Шынымды айтсам, білмеймін... Бекзат, жаңа ғана теріп қойған сияқты, ол өте жақсы. Ол оң қолымен және аяғымен жақсы соққылар орындайды. Күресуде де мықты. Әрине, егер Бекзат жеңіске жетсе, бұл керемет дебют – бірден Топ-15-ке енеді. Умар қателеспесем, UFC-де қатарынан төрт жеңіске жетті, мерзімінен бұрын жеңістері де бар, промоушенде өзін жақсы сезінеді.

Менің жеке пікірім: Бекзатқа Умармен бұл жекпе-жек керек емес. Бұл менің жеке ойым. Мен онда болдым, қазір Умарды көріп жүрмін, ол қандай формада, қандай күйде екенін жақсы білемін. Ол демалыстан орылды, операциядан айығып келді. Аш - жекпе-жек күтіп жүр. Мен, бәлкім, Бекзаттың орнында болсам... Әрине, оған UFC-де дебютін өткізу мүмкіндігі туды. Бірақ мен басқа қарсыласты таңдар едім.

Неге мен басқа біреуді таңдар едім деп айттым: себебі мен қарсыластарды бұрын таңдамайтын едім, тек жекпе-жек өткізсем болды деп жүрдім. Бірақ бүкіл әлем іс жүзінде қарсыластарын таңдайды екен. Сондықтан менің жас спортшыларға айтар кеңесім, олар да өздеріне қарсылас таңдап жүрсін», - деді атақты файтер.