2024 жылғы маусымдағы Қазақстан кубогының жеребе тарту рәсімі өтетін уақыт белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан кубогы өткен маусымдағыдай бес кезеңнен тұрады - алдын ала кезең, 1/8 финал, ширек финал, жартылай финал және финал.

1/8 финалдан бастап текетірес бір матчтан тұрады. Ойындар саны жаңа турнир – Лига кубогы пайда болғандықтан азайып отыр.

Қазақстан кубогының финалы биыл қыркүйек айында бейтарап алаңда өтеді. Турнирдің жеребе тарту рәсімі 14 ақпанда Астанада өтеді. Рәсім астана уақытымен 15:00-де басталады.