24 жастағы «Ақтөбенің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Андерсон Ньянгбо түркияның «Коньяспор» командасына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кот-д'Ивуар жаңа клубымен осы маусымның соңына дейін келісімшартқа отырды.

Ньянбо «Ақтөбеге» 2023 жылдың наурыз айында бельгиялық «Гентадан» жалға көшкен. Жалпы өткен маусымда ол 23 матч өткізіп, 3 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

«Қызыл-ақтармен» бірге Премьер-Лиганың қола жүлдегері атанды.