Самаралық «Крыля Советовтың» 29 жастағы хорват қорғаушысы Матео Барач «Ақтөбеге» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 жастағы Барач 2022 жылдың қысында «Крыляға» «Сочиден» жалға ауысқан. Сол жылдың жазында команда футболшының құқығын сатып алды.

Хорват өткен көктемді бельгиялық «Остенде» клубында жалға алып, жазда Самараға оралды. Бүкіл кезең ішінде ойыншы Самара клубында 30 матч өткізіп, 1 гол соқты.