Бүгін «Колумбия туры» көпкүндік веложарысының төртінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астаны» шабандозы Марк Кавендиш төртінші кезеңде жеңіске жетті. Екінші орында Movistar Team командасынан колумбиялық Фернандо Гавирия. Үздік үштікті Нельсон Сото (Petrolike) түйіндеді.

Осылайша Қазақстан құрамасы 2024 жылғы екінші жеңісіне қол жеткізді.

«Колумбия туры». Paipa - Zipaquirá (181,8 км)

1. Марк Кавендиш («Астана») - 4:03:34

2. Фернандо Гавирия (Movistar Team)

3. Нельсон Сото (Petrolike)

Жалпы есеп:

1. Родриго Контрерас (Nu Colombia) +14:37:42

2. Харольд Техада («Астана») +0:04

3. Андреа Пикколо (EF Education - EasyPost) - +0:11