Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің ширек финалына шыққаннан кейін эйс жасау жөнінен көш бастады.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 74-ракеткасы, Испания өкілі Кристина Бучамен матчта 7 эйс жасады.

Осылайша, Елена Рыбакина жыл басынан бері жарыстарда жасаған эйс санын 70-ке жеткізді.

Қазақстандық спортшы жартылай финалда әлемнің 15-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен ойнайды.