«Хан Тәңірі» футбол клубы Нұрдәулет Ағзамбаев пен Әлішер Құсайыновпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұрдәулет футболдағы мансабын 2017 жылы «Қайрат-Жастар» сапында бастады. Шабуылшының соңғы клубы алматылық «Жас қыран» футбол клубы болды.

Туған күні: 2 маусым 1999 жыл

Бойы: 186 см

Салмағы: 75 кг

Позициясы: Алға

Азаматтығы: Қазақстан

Құсайынов футболдағы мансабын 2022 жылы «Қайрат-Жастар» клубының құрамында бастап, өткен маусымда «Хан Тәңірі» сапында бірінші лигада 10 матч өткізді.

Туған күні: 31 қаңтар 2005 ж

Бойы: 186 см

Салмағы: 64 кг

Позициясы: қорғаушы

Азаматтығы: Қазақстан