Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Ноттингемдегі турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалдық кездесуде қазақстандық болгариялық Димитар Кузмановты 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

Айта кетейік, матч 1 сағат 31 минутқа созылды.

Осылайша Кукушкин турнирдің жартылай финалына шығып, француз Маттео Мартиноға қарсы ойнайды.