УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымының жеребе тарту қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Австрия, Норвегия және Словения командаларымен бірге үшінші топқа түсті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының матчтарының кестесі (Астана уақыты бойынша):

09.06.2024 | 19:00

Қазақстан – Норвегия

09.09.2024 | 23:45

Словения – Қазақстан

10.10.2024 | 23:45

Австрия – Қазақстан

13.10.2024 | 18:00

Қазақстан – Словения

14.11.2024 | 20:00

Қазақстан – Австрия

17.11.2024 | 22:00

Норвегия – Қазақстан

Топ жеңімпазы автоматты түрде А лигасына көтеріледі. А лигасының топтарында үшінші және В лигасының топтарында екінші орын алған командалар, сондай-ақ В лигасы топтарында үшінші орын және С лигасы топтарында екінші орын алған жеңімпаздар көтерілу үшін бір-бірімен үйде және сыртта плей-офф ойындарында кездеседі.