Бүгін Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемдік рейтингте 5-орында тұрған Елена Рыбакина Әбу-Дабиде өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шығу үшін кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакинаның қарсыласы испаниялық Кристина Буча (WTA рейтингінде 74-орын) болды. Кездесу 6:1, 6:4 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Матч 1 сағат 4 минутқа созылды.

Осылайша Елена Рыбакина турнирдің жартылай финалына шықты. Онда ол ресейлік Людмила Самсоновамен (WTA рейтингінде 15-орын) кездеседі.