114 елден 668 спортшы қатысатын бокстан әлемдік лицензиялық турнирде Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Париж Олимпиадасының жолдамасын сарапқа салатын боксшылар тізімі:

— Сәкен Бибосынов (51 кг)— Махмұд Сабырхан (57 кг)— Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг)— Асланбек Шымбергенов (71 кг)— Нұрбек Оралбай (80 кг)— Айбек Оралбай (92 кг)

Ерлер арасында 28 лицензия сарапқа салынады.

Италиядағы турнир 4-12 наурыз аралығында өтеді.

Әйелдер құрамасы:

— Алуа Балқыбекова (50 кг)— Жайна Шекербекова (54 кг)— Римма Волосенко (60 кг)— Наталья Богданова (66 кг)— Валентина Хальзова (75 кг)

Әйелдер арасында 21 лицензия беріледі.