Каратеден Санкт-Петербург спорт федерациясының президенті Виталий Конев 7 ақпанда оққа ұшты, деп хабарлайды «Матч ТВ».

Mash Telegram-арнасының мәліметінше, Песочный ауылында бәзбіреулер Коневтің басынан атқан. Ол кезде Конев практикалық оқ атудан нұсқаушы болған.

Конев 2013 жылдан бері каратеден Санкт-Петербург федерациясын басқарған.