Қазақстан 2028 жылы әлем чемпионатының элиталық дивизионын қабылдауға өтінім жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

IIHF сайтында екі қала - Астана мен Алматы ұсынылған. Ресми үміткерлер қатарында Франция да бар.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы 2021 жылдан бері элиталық дивизионда ойнайды. Биыл Чехиядағы әлем чемпионатында қарсыластарымыз АҚШ, Германия, Польша, Швеция, Словакия, Латвия және Франция болады.

2025 жылы турнир Швеция мен Данияда, 2026 жылы Швейцарияда, 2027 жылы Германияда өтеді.