Су добынан Қазақстан құрамасы Қатар астанасы Дохадағы әлем чемпионатында үшінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Венгрия құрамасына қарсы кездесуде Қазақстан ватерполшылары 1:28 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстан жалғыз добын соңғы кезеңде ғана соға алды.

Дохадағы әлем чемпионаты. Топтық кезең. Ерлер

Қазақстан - Венгрия 1:28 (0:8, 0:5, 0:8, 1:7)

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы Румыниядан 3:25 есебімен жеңілген еді.