Геннадий Головкиннің бапкері Джонатан Бэнкс екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедовты жаттықтырып жатыр. Бұл туралы Nur.kz Джонатан Бэнкстың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлады.
Әли Ахмедов Instagram желісіндегі Storiеs-ке Джонатон Бэнкспен жаттығып жатқан сәтінен видео жариялады.
Айта кетейік, Әли Ахмедов – Геннадий Головкиннің промоутерлік компаниясының құрамындағы боксшы.
Әли Ахмедов соңғы рет шаршы алаңға 2022 жылы 17 қыркүйекте шығып, америкалық боксшы Габриэль Розадоны төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген еді. Сөйтіп IBF NABO және WBC Silver титулдарына ие болды. Әли 2023 жылы 14 желтоқсанда Коста-Месадағы (Калифорния, АҚШ) бокс кеші аясында рингке оралмақ еді, бірақ жекпе-жек болмады.
Ұсынамыз
Комментарии