Қатар астанасы Дохада су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Турнир 18 ақпанға дейінсозылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін микс-дуэттен жарыс өтті. Спортшылар бастапқы кезең аясында еркін бағдарламасын ұсынды.

Қазақстандық дуэт Эдуард Ким мен Наргиза Болатова 7-орын алды, олар 140.8416 ұпай еншіледі. Сөйтіп, финалға шықты. Ал шешуші сайыс 10 ақпанға жоспарланған.

Финалға үздік 12 жұп шықты.

Бұған дейін Эдуард Ким мен Наргиза Болатова мәнерлеп жүзуден алтын медаль жеңіп алған еді.