Қазақстандық, әлемнің 247-ракеткасы Михаил Кукушкин Ноттингем (Ұлыбритания) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Қазақстандық спортшы екінші айналымда әлемнің 194-ракеткасы, бельгиялық Йорис Де Лоремен бақ сынасты.

Екі сетте де 6:4 есебі тіркеліп, М.Кукушкиннің пайдасына шешілді. Бір сағат 18 минутқа созылған матчта ол 7 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Бельгиялық спортшы 13 эйс жасағанымен, брейкке маңайлай алған жоқ.

Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 225-ракеткасы, болгариялық Димитар Кузмановтан өтуге тырысады.