«Мақтааарал» футбол клубы жаңа маусымда Қазақстан Премьер-лигасына қатыспайды. Мұндай шешімді ҚФФ футбол клубтарын лицензиялау Комиссиясының отырысында қабылдады.

- «ҚФФ ұйымдастыратын жарыстарға қатысу үшін футбол клубтарын лицензиялау ережесінің» талаптарын орындамағаны және ең минималды талаптарға сәйкес келмегені үшін «Мақтаарал» ФК КММ-ға футболдан OLIMPBET-ҚР Чемпионатының 2024 жылғы маусымына қатысу үшін лицензияны беруден бас тартылсын, - делінген ҚФФ таратқан ресми мәлімдемеде.

Айта кетейік, «Мақтааарал» қаржылай қиындыққа байланысты чемпионатқа қатыса алмайды. Түркістан облысынан клубқа бар болғаны 200 миллион теңге қаржы бөлінеді.