Бұл туралы «Пари Сен-Жермен» президенті Нассер әл-Хелаифи УЕФА атқарушы комитетінің отырысынан соң мәлімдеді.

Клуб президентінің сөзіне қарағанда, ПСЖ «Парк де Пренстен» кетеді. Басшы стадионның сатылымға қойылмайтынын да растаған. Негізі бұл стадионды сату туралы келіссөздер сегіз жылдан бері жүргізіліп келді.

Насер әл-Хелаифи Парижде неғұрлым жылдамдатып стадион салудың барлық жолын қарастырып жатыр.