9 ақпанда Мәскеуде АСА 170 турнирі өтеді. Кардта Гран-придің үш полуфиналы мен титулдық жекпе-жегі жоспарланған, деп жазады Prosports.kz.

Басты жекпе-жекте ауыр салмақта Гран-придің финалына шығу үшін Евгений Гончаров пен Антон Вязигин жұдырықтасады.

Екінші жекпе-жекте Гран-придің финалына шығу үшін орта салмақта Шамиль Абдулаев пен Абдул-Рахман Джанаев кездеседі.

Қазақстандық жауынгер Бағдос Олжабай (15-4)бразилиялық Луис Рафаэл (36-6) қолғап түйістіреді.

Кештің трансляциясы 20:00-де басталады. Трансляцияны ACA ресми сайтынанкөре аласыздар.