Уимблдон-2022 чемпионы, әлемнің бесінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Әбу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан WTA-500 турнирінің 1/4 финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда қазақстандық теннисші америкалық Даниэль Коллинзбен (әлемнің 71-ракеткасы) кездесіп, Рыбакина 4:6, 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Матч 2 сағат 20 минутқа созылды.

Турнирдің ширек финалында әлемнің бесінші ракеткасы Кристина Буча (Испания) - Хизер Уотсон (Ұлыбритания) матчының жеңімпазымен кездеседі.