Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубының ойыншысы Бауыржан Исламханның жасыл алаңға қашан оралатыны анықталды.

"Исламханмен сөйлестім. Бауыржанның айтуынша, әлі алаңға орала алмайды. Кемінде 1-2 ай деп отыр. Ал Асхат Тағыберген жарақаттан толық айыққанын айтты", – деді Sport Plus Qazaqstan арнасының бас редакторы Айбек Қабылша.