Қазақстандық мамандар FIBA халықаралық лицензиясын алды, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 1-6 желтоқсан аралығында Алматыда «FIBA WABC (Дүниежүзілік баскетбол жаттықтырушылар қауымдастығы) жаттықтырушылар курсы 1 деңгей” семинары өтті.

Іс-шара аясында 14 қазақстандық маман іріктеуден сәтті өтіп, халықаралық лицензияға ие болды.

Семинарды белгілі сербиялық баскетбол маманы Милан Которац өткізді. Іс-шара жаттықтырушылар біліктілігін арттыруға және Қазақстан баскетболының дамуына бағытталды.