Қызылордалық «Қайсар» 30 жастағы қазақстандық шабуылшы Тоқтар Жаңғылышбаймен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншы «Қайсар» сапына еркін агент ретінде ауысты.

Өткен маусымда Жаңғылышбай «Мақтааралда» ойнап, 25 кездесуде «гол+пас» жүйесі бойынша 4+6 ұпай жинады.

Айта кетейік, 30 жастағы шабуылшы бұған дейін 2017-2018 жылдар аралығында «Қайсар» сапында өнер көрсеткен.