Бүгін «Тур Колумбия» көпкүндігінің екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші кезеңде «Астана» шабандозы Харольд Техада жеңіске жетті. Екінші орынды EF Education - EasyPost-тен италиялық шабандоз Андреа Пикколо алды. Үздік үштікті испаниялық спортшы Оскар Севилья (Team Medellín) түйіндеді.

Осылайша Қазақстан құрамасы 2024 жылғы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.