Бүгін су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Дохада (Катар) өтіп жатқан әлем чемпионатында кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топтық кезең матчындағы қарсылас Румыния құрамасы болды. Қазақстан құрамасы 3:25 есебімен жеңіліс тапты.

Дохадағы әлем чемпионаты. Топтық кезең. Ерлер

Қазақстан - Румыния 3:25 (1:7, 1:6, 0:5, 1:7)

Естеріңізге сала кетейік, өткен ойында Қазақстан Голландиядан 4:27 есебімен ұтылды.