Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова модель бола алатын спортшылардың тізіміне енді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
MSN жазғандай, белгілі спортшылар фотокамералардың назарына жиі ілігеді, кейбіреулері белгілі брендтерді жарнамалайды. Олардың бұл жұмысты тамаша атқаратыны соншалық, тіпті айналысатын істерін ауыстырса да, модель ретінде сұранысқа ие бола алады.
 
Сабина Алтынбековадан өзге тізімге Дэвид Бекхэм, Мария Шарапова, Криштиану Роналду, Серена Уильямс, Рафаэль Надаль, Дарья Клишина, Алисса Чизни сынды 67 спорт жұлдызы енді.
 
ҚазАқпарат