Жоғарғы лига командалары арасындағы допты хоккейден Ресей чемпионаты аясында оралдық «Ақжайық» оренбургтік «Локомотивпен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 7:4 есебімен қазақстандық команданың пайдасына аяқталды. Бұл «Ақжайықтың» маусымдағы он бесінші жеңісі болды.

Оралдық клуб кейінгі ойында Екатеринбургтің «СКА-Уральский трубник 2» командасын 2:8 есебімен жеңген болатын.