Еуропалық MOUZ командасы Counter-Strike 2-ден IEM Katowice 2024 чемпионатында В тобында польшалық ENCE ұжымын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:0 (Vertigo-да 13:5 және Ancient-те 13:3) есебімен аяқталды. Камил siuhy Шкарадек командасы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Ал ENCE плей-оффтағы өнерін ширек финалдан бастайды. Бұған дейін Польшадағы турнирден Natus Vincere, Heroic, Monte және GamerLegion командалары ұшып кеткен болатын.

IEM Katowice 2024 31 қаңтар мен 11 ақпан аралығында Польшаның Катовице қаласындағы Spodek Arena-да өтіп жатыр. Қатысушылар бір миллион доллар жүлде қорын сарапқа салып жатыр.