«Манчестер Юнайтедтің» даниялық шабуылшысы Расмус Хейлунд балалық шағындағы басты футбол қаһарманы кім болды деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл Роналду шығар. Сондай-ақ Руни мен Тевес, бірақ мен бәрібір Криштиануды таңдаймын. Мен оның «Юнайтедтегі» ойынын тамашалап, содан кейін ол «Реал Мадридте» және «Ювентуста» болған кездерінде жанкүйер болғаным есімде. Ол әрқашан менің кумирім болды», - деп келтіреді Хейлуннің сөзін Goal.

Роналду 2021 жылдан 2022 жылға дейін «Манчестер Юнайтед» сапында ойнады, содан кейін Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубына ауысты. 39 жастағы португалиялық футболшы бес рет «Алтын допты» және төрт рет «Алтын бутса» иегері атанған.

Португалия құрамасы сапында Роналду 2016 жылғы Еуропа чемпионы және 2018/19 маусымында Ұлттар лигасының жеңімпазы болған.