Бүгін Болашақ кубогы матчында 20 жасқа дейінгі футболшылар арасында Беларусь пен Қазақстан құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы соңғы Болашақ кубогында сәтсіз нәтиже көрсетіп, үш ойында бірде-бір ұпай ала алмады.

Қазақстан құрамасы Ресей құрамасынан (20 жасқа дейінгі) 1:12, Ресейдің 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасынан 1:9 есебімен ұтылды.