Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин британиядағы Ноттингемде өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің жекелей сынында бірінші айналымдағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші жергілікті теннисші Чарльз Брумға қарсы ойнап, 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Матч 1 сағат 50 минутқа созылды. Кездесу 1/16 финалдық кезеңде өтті.