6 ақпанда Иордания мен Оңтүстік Корея құрамалары кездескен Азия кубогының жартылай финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Аль-Раянадағы (Катар) «Ахмед бин Али»стадионында өтті. Кездесуде 2:0 есебімен иорданиялықтар жеңді.Гол соққандар: Язан Аль-Наймат (53),Аль-Тамари(66).

Айта кетейік, Азия кубогының финалында Иордания құрамасы 7 ақпанда өтетін Иран-Катар жұбының жеңімпазымен кездеседі.